2025 жылғы мамыр-маусым айларында компаниямыздың қызметкерлері жағалау аймақтарын тазарту бойынша өткізілген «Таза аймақ» экологиялық акциясына белсене қатысты. Бұл акция республика көлемінде абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту болды. Акция барысында жағалау аумағындағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар жиналып, жасыл аймақтар ретке келтірілді.
Осындай іс-шараларға қатысу – компаниямыздың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі. Біз қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз және әрбір қызметкердің ортақ іске қосқан үлесімен мақтанамыз.
Таза табиғат — бәріміздің ортақ болашағымыз!