2025 жылғы 20 қазанда «Avant Metrology» компаниясымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын есепке алу аспаптарын тексеру жұмыстары сәтті аяқталды. Тексеруден өткен шығын түрлендіргіштері: ДУ-80 және ДУ-150 (мұнай), сондай-ақ ДУ-100 (мазут).
Зауыт өндірістік процестің жоғары сапасын қамтамасыз етуде метрологиялық бақылаудың маңыздылығын жете түсіне отырып, өлшеу құралдарының сенімділігі мен дәлдігіне басымдық береді. Барлық жұмыстар метрологиялық талаптарға қатаң сәйкестікте орындалып, өлшемдердің жоғары дәлдігі мен мінсіздігі қамтамасыз етілді.
Тексеру аяқталғаннан кейін өлшеу құралдарына тексеру таңбалары (пломбалары) қойылып, ресми тексеру актілері берілді.